Freedom Broker сарапшылары «ҚазТрансОйлдың» 2023 жылдың үшінші тоқсанындағы қаржы нәтижесін сараптай келе, компания акцияларын «ұстай тұрған» жөн деп тұжырымдайды.
Өйткені компанияның тосандық түсімі өсуін жалғастырып, ал кірісі былтырмен салыстырғанда айтарлықтай жақсарған. Оған қоса компания қызметі тарифінің қымбаттауы оның қаржы нәтижесіне әсер ете бастады. Негізгі бағыттар бойынша мұнай тасымалының біршама төмендеуі тарифтің қымбаттауымен өтелді.
Сарапшылар ақша айналымының айтарлықтай жақсарғанын атап өтті. Дегенмен Астрахань-Маңғышлақ су құбырын қайта құру және кеңейтуге кететін шығын жоғары болып тұр.
Айта кетейік, компания 2024 жылы 500 мың тонна Ресей мұнайын Өзбекстанға жеткізетінін жариялаған. Бұл жаңалық компания бағалы қағаздарына жағымды әсер етіп, бір...