Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты («ҚазҚСҒЗИ» АҚ) зерттеу жұмысын жүргізіп, 2000 жылдан бастап 2020 жылға дейін тұрғын үй құрылысының қалай дамығанын анықтады.Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«ҚазҚСҒЗИ» АҚ – Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің ведомстволық бағынысты ұйымы. Оның қызмет түрлерінің бірі – құрылыстағы баға белгілеу мәселелері бойынша зерттеулер жүргізу.
ҚазҚСҒЗИ мамандары құрылыс материалдарының, конструкциялардың, сондай-ақ монтаждау жұмыстарының бағаларына тұрақты түрде мониторинг жүргізеді. Мониторингке 3 мыңға жуық тауарлар мен қызметтерді жеткізушілер қатысады.
ҚазҚСҒЗИ мамандары еліміздегі тұрғын үй бағасының динамикасын соңғы 20 жыл ішінде бақылап, 2000 жылы жаңа құрылыстағы...