Фото: kursiv.media
Елімізде интернет дүкендерге талап күшейеді. Бұл туралы Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Балықбаев Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетіндегі отырысында айтты, деп хабарлайды kursiv.media.
Комитет отырысында «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заң жобасының және оған ілеспе заңдар таныстырылды. Қайрат Балықбаевтың айтуынша, 2023 жылы интернет дүкендерден тауарды онлайн сатып алғандардан шағым айтарлықтай көбейген.
«2023 жылдың 6 айында онлайн саудаға қатысты тұтынушылардың электронды сауда сегментіне шағымдарының саны 2021 жылға қарағанда 400%-ға өсті. Мұны ескеріп, заң жобасы арқылы шарттарда тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзатын және оларға қысым жасайтын талаптаға жол бермеуді бекіту, сондай-ақ құқықтық олқылықтарды жою...