Төтенше жағдайда қоңырау шалуға арналған тағы бір тегін қызмет санаты пайда болды. Азаматтар отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі «Аманат» байланыс орталығына» тегін қоңырау шала алады. Тиісті құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланды.
«Байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қосылуы шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария және басқа да қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қыркүйектегі № 929 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қосылуы тегін болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария және басқа да қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан...