«Ашық НҚА» порталында Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйрығы талқыланып жатыр.
Құжатқа сәйкес атаулы көмекті енгізу кезінде тарифтердің саралануын бірқалыпты жою үшін тек тұрмыстық тұтынушыларды анықтау ұсынылған. Яғни тұрмыстық тұтынушылар үшін жеңілдікті бағаларды ұсынуға бағытталған түзетулер енгізілмек.
«Атаулы қолдау алушылардың тізіміне енгізілген электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектісі үшін электр энергиясын сатуға бірыңғай сатып алушының алдағы тәуліктің нақты сағатына арналған болжамды бағасы осы субъект үшін осы сағатқа көрсетілген электр энергиясын сатып алу бағасына теңестіріледі», делінген құжатта.
Тарифтерді кезең-кезеңімен өзгерту мүмкіндігін жүзеге асыру мақсатында тарифтерді саралау арқылы...