«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ 2023 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған өндірістік нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Нәтижелерге сәйкес 2023 жылдың бірінші жартыжылдығындағы негізгі өндірісте мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 10,1%-ға өсіп 11 860 мың тоннаны құраса, мұнай тасымалдау көлемі 5,8%-ға артып, 39 309 мың тоннаға жеткен. Ал Қазақстан және Румыниядағы мұнай өңдеу зауыттарында көмірсутек шикізатын өңдеу көлемі 4,0%-ға өсіп, 10 109 мың тоннаға жеткен.
Мұнай өндірісі
Атап айтқанда, Теңізде мұнай өндіру былтырғы ұқсас кезеңдегі өндіру көлемімен салыстырғанда 4,0%-ға өсіп, 2 981 мың тоннаны құраған. Ілеспе газ өндіру 1 656 млн м3 көрсетіп, 3,6%-ға артты.