Сәрсенбі Мәжілістің жалпы отырысынан кейін өткен брифингте Әлібек Қуантыров Қостанайға Ресей президенті Владимир Путин келеді деп 13 млрд теңгеге (кейбір деректерге қарағанда 11,3 млрд теңге)салынған Smart орталықтың қараусыз қалмайтынын, ел игілігіне айналатынын айтты.
«Қаладағы кез келген инфрақұрылым тұрғындардың қажетіне жарайды. Ол қандай да бір елдердің президенттеріне қалмайды», – деді министр журналистерге.
Қараша айында Қостанайда Қазақстан мен Ресейдің ХІХ өңіраралық ынтымақтастық форумы өтеді. Облыс орталығы форумға Ресей президенті В. Путин қатысады деп күткен.
Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев Smart орталық құрылысын қолға алып, саябақты қайта құру, жарықтандыру, аялдамаларды жөндеу, көшелерді көгалдандыру, субұрқақтарды қайта...