Ғылым және жоғары білім министрлігі ҰБТ-ға өтініш қабылдау мерзімі 11 қаңтарға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.
Министрлік қаңтар айындағы ҰБТ-ға қосымша орындар бүгін сағат 17:00-де ашылатынын мәлім етті.
Қысқы тестілеуге өтініш қабылдау 29 желтоқсанда басталып, 6 қаңтарда аяқталуы керек болған. Алайда оқушыларға орын жетпегендіктен, қабылдау мерзімін ұзартып, орындарды кеңейту туралы шешім қабылданған.
ҰБТ-ға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz. сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі. Ал тестілеудің өзі 18 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді. Қатысушылар тестілеу өткізілетін орынды, күнді және уақытты өздері таңдайды. Тестілеу қорытындысы ақылы оқуға түсуге мүмкіндік береді.
Осыған дейін министрлік «Оқу сауаттылығы» мен «Математикалық сауаттылық» міндетті пәндерінен тапсырмалар саны 5 сұраққа...