WhatsApp мессенджерінде киіктердің атуға рұқсат берілгені туралы хабар тарады. Осыған байлынысты Орталық коммуникациялар қызметінде өткен жиында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев жауап берді.
Алғашқыда үкімет киіктің «қарал» тәсілімен қоршауға алып сою арқылы азайтылатынын мәлімдеген болатын. Бірақ Оралда ақбөкенді атуға рұқсат 4200 теңгеге сатылып жатыр деген ақпарат тарады. Министр бұл тәсілдің соңғы уақытта жаңбыр жиі жауып, ауа-райының қолайсыздығына байланысты қарал тәсілін жүзеге асыру қиындап кеткені себепті енгізілгенін айтты.
«Жалпы, осы науқанды дайындаған кезде екі тәсіл қарастырылды. Біріншісі – қарал тәсілімен тор құру арқылы ұсталып, бауыздалып, комбинаттарға жеткізіледі. Екіншісі – түн ішінде...