Кипр Орта Азиядағы қатысуын кеңейтуді көздейді /Фото: shutterstock
Кипр Қазақстанда өз елшілігін ашу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы осы елдің министрлер кабинетінің өкілі Константинос Летимпиотис мәлімдеді.
Ол Кипрдің Орта Азиядағы қатысуын кеңейтуді көздейтінін айтқан.
«Министрлер кеңесі бүгін Қазақстан Республикасында Кипр Республикасының дипломатиялық өкілдігін ашу туралы шешім қабылдады», –деді Летимпиотис.
Ол Кипрдің «сыртқы саясатының негізгі тіректерінің бірі» саналатын Орталық Азия аймағына ерекше мән берілетінін жеткізген.
«Бізге тікелей немесе жанама әсер ететін аймақтағы оқиғаларда өз сөзімізді айтуға және рөл ойнауға деген ұмтылысымызды ескере отырып, Кипрдің Қазақстанда дипломатиялық қатысуы маңызды болып тұр...