Жақында ғана жария болған электромобиль мен аккумулятор шығаратын кем дегенде 18 стартаптың 2024 жылдың соңына қарай ақшасыз қалуы қауіп бар. Бұл туралы The Wall Street Journal жазды. Бұл стартаптардың қатарында Nikola стартапы да бар. Оның негізін қалаушы алаяқтық үшін төрт жылға бас бостандығынан айрылған. Ал кем дегенде үш компания банкроттық рәсімдерін бастап та кетті.
The Wall Street Journal нарықтағы компаниялардың соңғы есебімен танысып шыққан. Басылымның жазуынша, 18 компанияның жетеуінің тек бірнеше аптаға ғана жететін ақшасы қалған. WSJ сауалына жауап берген бірнеше компания жаңа қаржыландыру көзін тартуды және шығынды қысқартуды жоспарлап отырғанын айтқан. 16 компанияның жұмыс істеуге және 2024 жылдан...