ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Alstom компаниясының Африка, Таяу Шығыс және Орталық Азия өңірлері бойынша президенті Эндрю ДеЛеоне француз машина жасау компаниясының Қазақстандағы қызметін кеңейту мәселелерін талқылады. Бұл туралы Үкімет баспасөз қызметі хабарлады.
Электровоздар мен оған құрамдас бөлшектер өндіретін Alstom компаниясы – Қазақстандағы теміржол өнеркәсібін жаңғырту бағдарламасының негізгі қатысушыларының бірі.
«Сонымен қатар компания құзыреттілік орталық ретінде де қызметін дамытуда, нәтижесінде біздің елімізде біліктілігі жоғары инженерлердің жаңа буыны қалыптасып келеді. Қазақстан Үкіметі Alstom компаниясымен ұзақ мерзімді ынтымақтастықты жалғастыруға дайын», — деді Әлихан Смайылов.
Республикада инвесторлар үшін: салықтық және кедендік жеңілдіктер көзделген; инфрақұрылым...