Ресей ең ірі алмаз өндірушісі саналады / Фото: kursiv.media
G7 елдері Ресей алмаз тастарының импортына тыйым салды. Бұл тыйым өз күшіне 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап енеді.
G7 елдерінің көшбасшылары 6 желтоқсанда онлайн кездесу өткізіп, артынша ресейлік гауһар тастарды импорттауға тыйым салғаны жайлы шешімді мәлімдеген.
Бұл шешімге сәйкес 2024 жылдың 1 қаңтарынан Ресейден тікелей импортталатын гауһар тастарға тыйым салынса, 2024 жылдың 1 наурызынан бастап үшінші елдерде өңделген ресейлік бағалы тастарға кезең-кезеңімен шектеулер енгізіле бастайды. 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап бағалы тастарды импорттайтын G7 елдері Ресей гауһар тастарының елге кірмеуін бақылау мақсатында, өңделмеген алмазға тексеріс жүргізіп, арнайы сертификаттау...