Ұлттық банк тұтынушылық несиелендірудің шағын және орта бизнесті несиелендіруден көп болғанына алаңдаулы. Бұл туралы базалық мөлшерлеменің төмендеуіне байланысты брифингте Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов айтты.
Сүлейменовтің айтуынша, жеке тұлғалардың несие алуы, бизнестің несие алуына қарағанда жылдам өсіп келеді. Былтырғы қыркүйек айымен биылғы қыркүйек айындағы өсімді салыстырғанда, тұтынушылық несиелендіру бизнесті несиелендіруден 2,5-2,6% жоғары болған. Тұтынушылық несиелендіру 27,6% өссе, бизнесті несиелендіру 10,5% ғана өскен.
«Бірінші кезекте мәселені шешу үшін ҚНРДА тарапынан нақты шара қолдану қажет. Ал біз өз тарапымыздан капиталдың контрциклді буфері мен оның модификацияларын қолданудағы кейбір мәселелер туралы құжат дайындадық. Оны бұрын қолданып көрмедік. Алғаш рет...