Мәжілістің комиссия отырысында «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заң жобасының таныстырылымы өтті. Мемлекетттік сатып ауға қатысты өзгерістер жайлы Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл баянадама жасады.
Ұсынылып отырған жаңа Заң жобасы негізінде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, сатып алу рәсімдерін оңайлату және бюрократиядан арылту, құрылыс нарығын монополиядан арылту сатып алу рәсімдерін одан әрі автоматтандыру көзделген. Сонымен бірге сатып алу бойынша бірыңғай платформа құрылады.
«Заң жобасымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, төтенше жағдайлардың алдын-алуға бағытталған ережелер көзделген. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаттарының қатарына, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына, мүдделер қақтығысына жол бермеу қосылды. Осы...