Фото: kursiv.media
Ауыл шаруашылығы министрі болған Ербол Қарашөкеев Жамбыл облысының әкімі қызметіне тағайындалды. Президент жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
«Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев Жамбыл облысының әкімі лауазымына тағайындалсын», делінген жарлықта.
Облыс әкімі лауазымына Нұрбол Жүнісбеков пен Ербол Қарашөкеевтің кандидатурасы ұсынылған. Ашық дауыс беру қорытындысына сәйкес, 142 депутат Е. Қарашөкеевтің кандидатурасын қолдады. 47 депутат Н. Жүнісбековті қолдап дауыс берген.
Қарашөкеевтің қызмет жолы
Ербол Шырақпайұлы 1976 жылы Алматы облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік ұлттық университетін бітірген, экономика бакалавры және магистрі. Еңбек жолын 1998 жылы ҚР Статистика агенттігі Талдау және конъюнктуралы...