Фото: Ақорда
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген отырыста Жаңаөзен қаласының жағдайы да сөз болды.
Жиында баяндама жасаған Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың дерегінше, биыл өңірде 39 мың жұмыс орны, соның ішінде 32,5 мың тұрақты жұмыс орынын ашу жоспарланып отыр. Оның айтуынша, жұмыспен қамту мәселесін шешу үшін облыс бюджетінен 1,4 млрд теңге бөлінген.
Дегенмен, әкімнің дерегінше облыстағы өзекті мәселе – еңбек дауы. Есептік кезеңде 17 еңбек дауы тіркелді. Соның ішінде төртеуінде 3 сағаттан астам тоқтау болды. Қазір 5 еңбек дауы шешілді. 12-сі мониторингте тұр.
«Бұл мәселелерді шешуде үш жақты өңірлік комиссияның, ведомствоаралық штабтың қабылдаған...