Түркістан облысы тұрғынының Алматы облысында заңмен тыйым салынған әдіспен балық аулағаны анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Алматы облысы ПД патрульдік полиция батальонының жол сақшылары «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолының бойында Түркістан облысының 20 жастағы тұрғыны басқарған көліктен 115 келі балықты анықтады. Көлік жүргізушісі ірі көлемдегі тауарды қайдан алғанын және оны тасымалдауға қажетті тиесілі құжаттарды көрсете алмады.
«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тексеру барысында күдіктінің көлігінен екі аккумулятор мен тоқ ұлғайтқыш құралы, электр қармағы табылды. Заңмен тыйым салынған балық аулау құралы мен...