Гүл сататын дүкеннің иелері жаппай іс-шара өткізгені үшін кешірім сұрады
Елордада 2 мың адамның қатысуымен ұтыс ойынын өткізген кәсіпкерлер қала тұрғындарынан кешірім сұрады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
Естеріңізге сала кетейік, 7 ақпанда қалада екі мың адамның қатысуымен жаппай іс-шара өткізудің жолы кесілді. Жаңа филиалдың ашылуына орай «Romantic» гүлдер орталығы лотерея ұтыс ойынын өткізген болатын. Жаппай іс-шара Мәңгілік ел даңғылында ұйымдастырылды. Нәтижесінде адам көп жиналғандықтан кептеліс пайда болды. Ал қатысушылар маска режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтамай, вирустың таралу қаупін арттырды.
Бұқаралық іс-шараны өткізген ұйымдастырушылар қала тұрғындарынан бейнеөтініш түрінде келтірілген залал үшін кешірім сұрады.
«Romantic» гүлдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарынан кешірім сұрайды. Болған оқиға үшін барлық жауапкершілікті өз мойнымызға аламыз. Іс-шараларды өткізу үшін қойылатын талаптар мен бас санитарлық дәрігердің нұсқамасы бұзылды. Қаламызға және жұртшылыққа келтірілген қолайсыздықтар үшін жауапкершілікті көтеруге дайынбыз.
Бұл іс-шара әкімдіктің және басқа да мемлекеттік органдардың келісімінсіз өткізілді. Қала тұрғындары алдында кешірім сұраймыз. Біз қалыптасқан жағдайдың ауырлығын түсінбедік», – деді қала тұрғындарына гүл орталығының атқарушы директоры Темірлан Кенжебаев.
Дүкен иелері ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының бірінші бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оларға 230 АЕК немесе 670 910 теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Кәсіпкерлер кінәсін мойындап, айыппұлды 7 күн ішінде өтеуге келіскендіктен, төлем мөлшері 115 АЕК немесе 335 455 теңгені құрайды.
7 ақпанда жұмыс режимін бұзғаны үшін «Заречный» моншасы, «Opus One» караоке-мейрамханасы және «Time to smoke» лаундж бары да жауапкершілікке