Қазақстандықтар қолма-қол ақшаны аз пайдалануда

Жарияланды
Төлем карталарымен транзакциялар көлемі 67,5% өсті

Қазақстанда 2020 жылдың қаңтар-қазан айларында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қолма-қол ақша алуға байланысты кассалық операциялардың саны 21,4% төмендеді. Республикада қолма-қол жасалмайтын операциялардың саны 2,4 есеге, 2,187 млрд транзакцияға дейін, ал сомасы – 2,5 есеге, 26,7 трлн теңгеге дейін өсті. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің хабарламасында айтылған.

Жыл басынан қазан айына дейін Қазақстан тұрғындары 13,415 триллион теңге сомасында қолма-қол ақша алу бойынша 248,5 миллион операция жасады.

 «Қазақстандағы қолма-қол жасалмайтын транзакциялардың негізгі үлесі Интернет және мобильді банкинг (қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударымдарының жалпы саны мен көлемінің 57,7% және 81,4%) және POS-терминалдар (42,1% және 18,2%) арқылы жасалды. Қолма-қол ақшаны алу операциялары негізінен банкоматтар арқылы жүзеге асырылды (98,8% және 91,9%) », – делінген хабарламада.
 

Сондай-ақ оқыңыз