Алматы облысының медицина қызметкерлері мемлекеттен тиісті төлемдерін алды
Жарияланды
Қаражат 1 448 медицина қызметкеріне берілді
Бүгінде 1 448 медицина қызметкеріне қаражат берілді. Бюджеттен 106 млн 796 мың теңге бөлінді. Бұл туралы мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.
• 205 дәрігер,
• 882 орта медицина қызметкері,
• 361 кіші медицина қызметкері үстемеақы алды.
Жергілікті бюджеттен тағы бір мыңнан астам медицина қызметкеріне бір еңбекақы мөлшерінде сыйақы беру үшін қосымша қаражат бөлінді. Қосымша ақыны коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастармен тікелей байланыста болған, емдеген қызметкерлер алады – бұл инфекциялық бөлімшелердің мамандары, ауруханалардың дәрігерлері, медбикелері және кіші қызметкерлері.