Жалған вакцинация төлқұжаты бар әйел реанимацияға түсті
Жарияланды
Ауруханаға түскеннен кейін жалған вакцина төлқұжатын сатып алғанын мойындады
Павлодар қаласының тұрғыны пневмониямен инфекциялық ауруханаға түскеннен кейін жалған вакцина төлқұжатын сатып алғанын мойындады, деп хабарлайды Хабар 24 сайты.
61 жастағы әйел қазір реанимацияда жатыр. Жағдайы ауыр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Ситқазиновтың айтуынша, әйелдің өзі коронавирусқа қарсы екпе алмағанын мойындады, бірақ Павлодар облысынан тыс жерде жалған төлқұжат сатып алған.