Жалдамалы жұмысшылар 42 500 теңгені қалай алады?

Жарияланды
Ертеңнен бастап өтінім қабылдайды

42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындау ережесі туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.  

Жалпы негізгі қағидат, бұл төлем жұмыс жасап, жұмыс істеп жүргеніне қатысты өзінің табысынан айырылған азаматтарға төленеді.

Кімге төленеді?

Жалдамалы жұмыскерлер (ақысыз демалысқа жіберілген болса). Өтінішті жұмыс беруші береді. Жұмыстан шығып кеткен болсаңыз, жұмыспен қамту орталығына хабарласқан жөн. Ол электронды түрде жасалынады.

Жеке кәсіпкерлер (жеке практикамен айналысатын азаматтар). Тапсырысты өздері береді. Бұл жолы біз оларға зейнетақы жарналарын немесе әлеуметтік жарналардың төленуі/төленбеуі туралы талапты қоймаймыз. Бұл жерде жалғыз шарт – олардың жұмыстарының карантинге байланысты тоқтап қалуы/қалмау туралы аудандағы штаб, салық комитетінің өкілдері белгілейтін болады.

Азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімдер бойынша жұмыс істеп жүрген азаматтар (фрилансерлер). Өтінішті тікелей өздері береді. Бір шарт – осы 2020 жылда 6 айдың ішінде бір рет болса да зейнетақылық жарналарын аудару туралы талап. Өз бетінше жұмыс істеп жүрген азаматтар. Жұмыстары тоқтап калса, төлем ала алады. ЕСП төлеудің қажеті жоқ, 

Бейресми жұмыс істеп жүрген азаматтар ТЖ кезінде бір рет ғана ЕСП төлегендерден кім ала алмайды?

Мемлекеттік бюджеттің есебінен зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақылар, атаулы әлеуметтік көмек немесе сақтандыру қорынан тиісті көлемде көмек алып жүрген азаматтар ала алмайды.
 

Сондай-ақ оқыңыз