Ресурстар

Қытайда коронавирустан қайтыс болғандардың саны 200-ден асты

Инфекция жұқтырғандардың қатары 10 мыңға жуықтаған

Қытайда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 9692-ге жетіп, 213 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі. 

ҚХР мемлекеттік денсаулық сақтау комитетіне елдегі 31 провинцияның әкімшілігі мен Қытай әскерінің Синьцзян өндірістік-құрылыс корпусынан келіп түскен мәліметтер бойынша, жаңа типтегі коронавирус тудырған пневмониямен 9692 адам ауырып, 213 кісі қайтыс болған. 

Айта кетсек, Қытайда өршіп тұрған вирустық инфекцияның салдары Қазақстанның туристік саласына да әсер етті. 
Туристік фирмалар ең алдымен Хайнань аралы секілді танымал бағыттарын жауып, әуе компаниялары рейстерін тоқтатты. Қазақстандық туристік фирмалар мен қытай агенттіктері, қонақ үйлер сынды нарық өкілдерінің ай сайынғы шығыны 9 млн доллардан асады деп бағалануда. 

Сонымен қатар, Қазақстан үкіметі медициналық бетперде мен қорғаныс құралдарына 1,5 теңге бөлетіні хабарлаған болатын.