Мамыр айында доллар бағамы 473 теңгеге жетуі мүмкін

Жарияланды (жаңартылды )
Мұндай болжамды Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы жүргізген сауалнамаға қатысқан сарапшылар айтып отыр

Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы (ҚҚҚ)  жүргізген кезекті сауалнамаға қатысқан сарапшылар мамыр айынның басында доллар/теңге бағамы бір доллар үшін 472,9 теңгені құраса, бір жылдан кейін 1 доллар үшін 483 теңгеге дейін өседі деп болжап отыр. Бұл туралы қордың ресми сайтында жазылған.

«Геосаяси жағдайдың шиеленісуі, әлемдік нарықтардың құбылуы, ФРЖ ақша-несие саясатын қатайтуы салдарынан инвесторлардың дамушы елдер активтерінен кетуі сынды факторларды ескере отырып, сарапшылардың ұлттық валютаға қатысты болжамы теріс болып отыр» делінген хабарламада.

Сонымен қатар, мұнайға деген сұраныстың өсуін, АҚШ, ХЭА және ОПЕК+ мүше елдердің нарыққа қосымша мұнай нығаруы ескере отырып,  қара алтын бағасы барреліне  $105,3 болады деген болжам жасалған.

 Биыл орташа инфляция 9,4%-ға дейін өсуі мүмкін. (Сондай-ақ, сарапшылардың көпшілігі (65%) монетарлық шарттарды сақтайды деп күтеді. Респонденттердің 29%-ы базалық мөлшерлеме одан әрі 14%-ға дейін көтеріледі деп болжаса, сарапшылардың  6%-ы  базалық мөлшерлеме төмендейді деген пікірде. Сарапшылар ЖІӨ-нің бір жылдық өсімі туралы болжамын бұрынғы 3,4%-дан 3,1%-ға дейін төмендетті.

2022 жылғы 7 сәуірде сағат 17:00-дегі жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 458,02 теңге болды. 8 сәуірде Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 11-47-де маусым айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың бағасы  – $100,73.

Сондай-ақ оқыңыз