2023 жылы инфляция екі есе төмендеуі мүмкін  

Жарияланды
 Қазір инфляция 14 пайызға жеткен

Ұлттық Банк 2023 жылы инфляция қарқыны баяулап, 7,5-9,5%  аралығында қалыптасады деген болжам жасап отыр. Оған ақша-кредит саясатында қабылданып отырған шаралар, сыртқы инфляциялық қысымның біртіндеп төмендеуі мен алдағы уақытта қолға алынатын контрциклді бюджет қағидасы ықпал етпек. Бұл туралы ҰБ төрағасы Ғалымжан Пірматов Үкімет отырысында мәлімдеді.

Дәл қазір елдегі инфляция деңгейі – 14 пайыз, ал жыл соңында  15 пайызға жетуі мүмкін.

Бұл болжам Үкіметтің инфляция деңгейін бақылау және төмендету жөніндегі шаралар кешенін іске асыру барысы ескеріле отырып жасалған. Осы шаралар кешені табысты іске асырылса, инфляция біршама төмендеуі дейін төмендеуі мүмкін.

Ұлттық Банк биыл 6 маусымда базалық мөлшерлемені 14% деңгейінде сақтады. Жаңа қысым болмаса, қазіргі базалық мөлшерлеме деңгейін сақтау орта мерзімді  уақытта бағаның өсуін тежеуге әсер етеді.

Сондай-ақ оқыңыз