2022 жылы банктер 24,1 трлн теңге несие берген

Жарияланды
Банктер 24,1 трлн теңге несие берген Фото: shutterstock

2022 жылы екінші деңгейлі банктер 24,1 трлн теңге несие берген. Бір жылдағы өсім 12 пайызды құрайды. Осы орайда ЕДБ-ның жиынтық несие портфелі 20%-ға немесе ₸4,1 трлн-ға өсіп, ₸24,3 трлн-ға жетті. Бұл деректер Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығы жасаған шолуда келтіріледі.

Бөлшек несие сегментіндегі өсімге ипотека өнімдерінің қымбат болуы (пайыздық мөлшерлемесі 42 пайыз), ел тұрғындары арасында тауарды бөліп төлеу кең таралғаны ықпал еткен. Оған қоса, несие алғандардың қатары артқан. Былтыр 582 мың жаңа несие беріліпті. Тұтынушылық қарыздың пайыздық мөлшелемесі 18,9 пайыздан 17,2 пайызға дейін сәл азайған.

Ал бизнеске берілген несиедегі өсім аса мәз емес. Оған пайыздық мөлшерлеменің жоғары болуы да әсер еткен. Оған қоса, несиенің басым бөлігі қысқа мерзімге, бір жылға дейінгі уақытқа берілген. Ал сұранысты тек мемлекеттің бизнесті қолдауы қамтамасыз етіп отыр. Бизнестің банктік қарыздарының портфелі 9,6 трлн. көрсеткіш 11,6 трлн-ға дейін өсті.

Бірқатар несие өнімдері бойынша мөлшерлеменің өсуіне қарамастан, сарапшылар олардың нақты мәні жыл соңына дейін бизнес үшін де, бөлшек сауда үшін де теріс болды дейді.

Банк секторы 2022 жылды несие портфелінің сапалы, өтімділігі жоғары, капиталдандыру мен рентабельділіктің одан әрі жақсаруымен қатар жүретін көрсеткіштердің одан әрі өсімімен аяқтаған.

2022 жылы батыст санкциялары енгізілгеннен кейін, Ресейдің еншілес банктерінің елден кетуі аясында шоғырландыру процесі де жалғасты (21 банк қалды). Тиісінше, актив мөлшері бойынша ЕДБ-нің ТОП-5 арасындағы шоғырлану да өсті.

Қазақстандық банктердің активтері 2022 жылы 14,4 пайызға өскен.

Сондай-ақ оқыңыз