Жаңалықтар

«Қайрат» – «Левски» матчына Германиядан атақты төреші тағайындалды

Фото: УЕФА

Еуропалық футбол ассоциацияларының одағы (УЕФА) Чемпиондар лигасының квалификациясы аясында өтетін «Қайраттың» қарымта кездесуіне төрешілер бригадасын бекітті. Түркістанда өтетін жауапты матчта германиялық белгілі арбитр Даниэль Зиберт қазылық етеді.

Зиберт – Еуропадағы ең білікті әрі тәжірибелі реферилердің бірі. Ол өткен маусымда ПСЖ мен Арсенал арасындағы финалды, сондай-ақ, чемпиондар лигасының 10 матчын басқарған.

Алғашқы ойында «Қайрат» Софияда «Левскиге» 0:1 есебімен есе жіберген болатын. Енді алматылық ұжым өз жанкүйерлерінің алдында есе қайтаруға мүмкіндік алады.

Дегенмен, матч Алматыдағы 23 мың жанкүйер сыятын Орталық стадионда емес, Түркістандағы 7 мың орындық аренада өтеді. Алматыдағы стадионда 14 тамыз күні өтетін Канье Уэсттің концертіне дайындық жұмыстары басталып кеткен.