Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Данияр Қырықбаев мәлімдеді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Королі ІІІ Карлға анасы II Елизавета Патшайымның қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.
28-29 қыркүйекте елордада өтетін Digital bridge-2022 халықаралық форумы аясында ұйымдастырылатын стартаптар аллеясына 100-ден астам жоба қатыса алады. Стартаптар үшін бұл өз жобаларының танымалдылығын арттыруға және инвесторлар табуға бірегей мүмкіндік болады.
2022 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 11 165 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. 1991 жылдан бастап республикаға барлығы 1 млн 99,1 мың этникалық қазақ оралды
Әлеуметтік желілерде сыбайлас жемқорлық қылмысы (пара алу) үшін Маңғыстау облысы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің сотталған тергеушісі А. Ізбасар туралы ақпарат таратылуда.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің көші-қон саясатының тиімділігін арттыру бойынша жаңа шаралар пакеті ұсынылды. Оларды іске асыру мақсатында көші-қон саясатының алдағы 5 жылға арналған жаңа тұжырымдамасы шеңберінде ішкі көші-қонды ынталандыруға бағытталған бірқатар шаралар көзделетін болады.