Мемлекет басшысы «Ақкенттегі» өрттен адамдарды құтқаруға көмектескен азаматтарды «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады, деп хабарлайды Ақорда. «Мемлекет басшысының Жарлығымен Алматыдағы «Ақкент» ықшам ауданында болған өрт кезінде адам өмірін сақтап қалуға байланысты қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін бір топ азамат марапатталды», делінген баспасөз хабарламасында. «Ерлігі үшін» медалімен марапатталғандар: 1) Ахметханов…