Air Astana Сауд Арабиясынан 640 адамды Қазақстанға жеткізді. Бұл туралы компания баспасөз қызметі хабарлады.
Компания мәліметінше, 3 наурыздан 4 наурызға қараған түні 4 репатриациялық рейс орындалды. Олар Медина-Атырау, Медина-Ақтау және 2 рейс Жидда-Атырау.
«Жолаушылардың жалпы саны 640 адам болды.Бұдан әрі аталған жолаушыларды тасымалдау үшін Атыраудан Алматыға 2 рейс және Астанаға 1 рейс орындалды», – делінген хабарламада.
Бүгін, 4 наурызда Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп жүзеге асырылатын қосымша екі репатриациялық рейс жоспарланған. Олар Жидда-Ақтау-Алматы және Жидда-Атырау-Алматы бағыттары.
«Жиддадан Ақтауға рейс 18:00 ұшып шығып, Ақтауға 01:05+ ұшып келед...