Санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізу туралы қаулыға Астананың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айгүл Шағалтаева қол қойды. Ол 1 қазаннан бастап елордада ЖРВИ және тұмаумен ауыратын науқастар санының артқанын хабарлады. Соңғы аптада қалада ЖРВИ-дің 23 002 жағдайы тіркелді, бір аптада ауырған жандар саны 1,5 есеге өсті. Науқастардың 60%-ы 14 жасқа дейінгі балалар.
ЖРВИ және тұмаумен ауыратын науқастардан алынған 285 үлгінің ішінде 116 сынама А тұмауы вирусы(H3N2) немесе Гонконг тұмауы, 6-ы Covid-19 болған. 14 жасқа дейінгі балалар арасында А тұмауы (H3N2) 26 жағдай тіркелген.