Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысында 2026-2028 жылдары экономика жылына орта есеппен 5% деңгейінде өсетінін мәлімдеді.
Жұманғарин өсімнің сапасы туралы айта келе, Үкімет тек жалпы ішкі өнім құрылымы салаларындағы өсуді ғана мақсат етпейтінін жеткізді. Өсімді қамтамасыз етуде адами капитал, негізгі капитал, табиғи ресурстар, еңбек өнімділігі және технологиялар сияқты маңызды факторлардың үлесі ескерілетінін атап өтті.
«Осыған байланысты әлеуетті жалпы ішкі өнім бойынша экономикалық өсудің декомпозициялануы өзекті болып отыр. Өсудің ең маңызды факторы «жиынтық өнімділік» болып саналады. Ол экономикалық өнімді құру процесінде еңбек пен капитал сияқты барлық өндіріс факторларын пайдалану тиімділігін өлшейді. Жиынтық өнімділікт...