Фото: kursiv.media
Төтенше жағдайлар министрлігі 2022 жылы 1,5 мыңға жуық жатақханада өрт қауіпсіздігі бойынша тексеріс жүргізді. Нәтижесінде 700 жатақханада 3 мыңнан астам өрт қауіпсіздігі талабын бұзушылық анықталды.
Министр Сырым Шәріпхановтың айтуынша, «Жатақхана» өрт қауіпсіздігі акциясының нәтижесінде жатақханадағы өрт, зардап шеккендер және адам қазасы азайған.
«Былтырмен салыстырғанда өрт 36 пайызға (2022 жылы – 22, 2023 жылы – 14), зардап шеккендер – 2,5 есеге (2022 жылы – 10, 2023 жылы – 4), қаза тапқандар 6 есеге (2022 жылы – 6, 2023 жылы –1) қысқарды. Биылғы науқан қарашаға жоспарланған», – деді министр Үкімет отырысында.
Қазірге дейін профилактикаға 300 мыңнан астам үй қамтылды, 800 жүз мыңға жуы...