Мұнай бағасының өсуі дамушы елдердегі инфляцияның төмендеуін бәсеңдетеді, сондықтан олардың қор нарықтарында инвестициялардың өсуі баяулауы мүмкін. Сарапшылар Батыс елдеріндегі қарыз нарығында да түрлі тәуекел болатынын айтады. Өйткені жоғары мөлшерлемемен қарыз алу көлемі артып жатыр. Осыған байланысты Жапония инвесторлар үшін қолайлы ортаға айналды. Жапон үкіметі жергілікті акцияларға деген қызығушылықты арттыруға тырысып бағуда. Осы және басқа тақырыптар туралы өткен демалыс күндеріндегі Дүниежүзілік БАҚ шолуынан оқи аласыз.
Мұнай бағасының өсуі дамушы елдердегі инфляцияның төмендеуін баяулатады
Бірнеше ай бұрын дамушы нарықтарға тән активтер көш басына шықты. Мұның ықпалымен инфляция төмендеп, пайыздық мөлшерлемелер қатар түседі деген сенім пайда болды. Алайда, мұнай жылдық ең төменгі деңгейден...