Diversity Visa – DV-2027 лотереясына қатысуға тіркелу қазіргі уақытта жабық тұр. Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік департаменті хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, интернетте өтінім қабылдау басталды деген жалған ақпарат көп. Кейбіреулер «жеңу мүмкіндігін арттырамыз» немесе «сауалнаманы кепілдікпен рәсімдейміз» деген уәде тарап жатыр.
Мемлекеттік департамент бұл мәлімдемелердің бәрі шындыққа сай емес екенін атап өтті.
«DV-2027 тіркеуі басталды деген жалған ақпарат. Нәтижеге әсер ете аламыз деп айтқан тұлғалар туралы мәлімет бар. Бұл – шындыққа жанаспайды», – делінген хабарламада.
Тіркеудің ашылу мерзімі мен өтінім беру рәсіміндегі өзгерістер ресми travel.state.gov сайтында жарияланады. Өтінімді тек бағдарламаның ресми порталы – eDV арқылы...