Соңғы айда уран бағасы бір фунт үшін 65,5 долларға дейін қымбаттап, соңғы 12 жылдағы ең жоғары көрсеткішке жетті, деп хабарлайды Financial Times UxC консалтингтік компаниясының деректеріне сілтеме жасап.
Соңғы алты айда бір фунт шикізат бағасы шамамен 12%-ға өсті.
Газ бағасының қымбаттауы аясында, әлемде өзге ресурстарға сұраныс артуда. Оның ішінде уранға әлемдік сұраныс қарқынды өсті.
Financial Times мәліметінше, әлемдегі уранның шамамен 4%-ын өндіретін Нигердегі соңғы төңкеріс бағаға әсер етті. Осылайша, осы африкалық елде жұмыс істейтін француздық Орано химиялық қорлардың азайғанын атап өтті.
Бұған қоса сұраныстың артуынша Канададағы Cameco-ның Cigar Lake және Key Lake кеніштерінде өндіріс төмендейді деген болжам да нарыққа...