Парламент кулуарында журналистер әскерде қаза болған ұлдарын жоқтаған аналардың наразылығынан кейін Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмадиевке бірнеше сұрақ қойды.
Ахмадиев өзі жұмыс істейтін құзырлы органды қорғауға тырысты.
«Қорғаныс министрлігінің өкілдері сол күні (аналар наразылыққа шыққан күні) таңертеңнен кешке дейін болды. Сондықтан аналарды «министр қабылдамайды» немесе «ата-аналарды көргісі келмейді» деген түсініктер дұрыс емес. Сол себепті ақпаратты халыққа дұрыс жеткізейік», – дейді министрдің орынбасары.
Дархан Ахмадиев бұған дейін де ауқымды шаралар атқарылғанын айтады.
«Мемлекет басшысы Бас прокуратураға тапсырма берді. Біз сол әріптестерімізбен арнайы жұмыстарды жүргізіп жатырмыз. Біздің тараптан не керек – барлық жұмыстар...