Семей қаласында жылыту маусымына дайындық жұмыстары қызу жүргізілуде. Бүгінде шаһардағы жылу құбырларының 68% тозған Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
«Семейдегі ең өзекті мәселелердің бірі – жылу желісінің ескіргендігі. Биыл 45 шақырым жылу желісіне жөндеу жұмыстарын қолға алдық. 9 учаскеде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жылыту маусымына дайындық бекітілген кестеге сәйкес жүзеге асырылуда», – деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов
Өткен жылы қаладағы жылу құбырларында бірнеше рет апат болған еді. Жоспар бойынша биылғы жөндеу жұмыстары нәтижесінде жылу желілеріндегі апаттар 15 пайызға азаяды.
«Қазіргі кезде 60 пайыздан астам жұмыс аяқталды. Материалдардың барлығы жеткізілді. Атқарылып жатқан жұмыстар...