Қырғызстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстанның Жамбыл облысын сумен қамту жағдайына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды 24.kg. Қырғыз тарапының мәліметінше, Қазақстан өзіне тиесілі үлесті пайдаланып тастаған. Яғни, үнемдемеген. Ал қырғыз тарапы кесте бойынша үнемдеп, су тапшылығын болдырмаған.
«Қазақстан Республикасымен суды бөлісу жыл сайын вегетациялық кезең басталғанға дейін әзірленетін және Шу-Талас су комиссиясының тең төрағаларымен қол қойылған суды алу кестелеріне сәйкес жүзеге асырылады. Бірақ 2023 жылы бұл кестелер маусым айында ғана келісіліп, су көздеріндегі судың аздығына байланысты ағымдағы жағдайды ескере отырып бекітілді», делінген хабарламада.
Ведомствоның хабарлауынша 2023 жылғы 17-19 шілдесінде Бішкек қаласында Шу және Талас...