2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Kids go free бағдарламасы арқылы 600-ден астам бала тегін ұшақ билетімен қамтамасыз етілген. Нәтижесінже ел ішіндегі саяхатты таңдаған 300-ден астам қазақстандық отбасы 26 млн теңгеге дейін үнемдеген. Бұл жайлы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Kids go free – отбасылық туризмге арналған, Мәдениет және спорт министрлігі әзірлеген бағдарлама. Бағдарлама операторы – «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы. Қазақстандықтар туроператордан ел ішіндегі бағыттар бойынша туристік пакет сатып ала отырып, 2 жастан 17 жасқа дейінгі балаларға тегін авиабилеттерге қол жеткізе алады.
«Бағдарлама бойынша саяхаттау оңай әрі қолжетімді. Ол үшін kids.gofree.kz сайтына кіру керек. Кеңес...