Ресейлік әнші Клава Коканың Маңғыстауда түсірген бейнебаяны жарыққа шықты. Кадрларды көрген көпшілік еліміздің батысының тұмса табиғатына тамсанып жатыр.
Клава Коканың «Сто шагов назад» әні желіге салынып, тыңдарман назарына ұсынылды. Ол осы әннің бейнебаяның түсіру үшін мыңдаған шақырым жерден арнайы келді.
«Біз мыңдаған шақырымды еңсеріп, ежелгі тартылып кеткен Тетис мұхитының түбіне, айналасынан оқшау тұрған, өз болмысымен-ақ батырлар туралы сыр шертетін қос жалғыз жартастың ортасына келдік. Бұл бейнебаяндағы әр локация – дара әрі айрықша. Ондағы әр қимыл мен әрбір деталь мен үшін сезім деңгейінде терең мағынаға ие. Символизмді сүйетін, астарына үңіліп, тереңдікке бойлауды қалайтын жандарға міндетті түрде көруге...