Фото: kursiv.media
Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктері мен айырбастау пункттерінде 4,3 млрд қолма-қол рубль жинақталған, деп хабарлайды Ұлттық банк.
«2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, екінші деңгейлі банктер мен банктік емес жекелеген айырбастау пунктерінде қалған қолма-қол рубльдердің қалдығы шамамен 4,3 млрд рубльді құрайды. Ұлттық Банк «Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудегі кейбір мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасын әзірледі. Ол қолма-қол Ресей рублін екінші деңгейлі банктер арқылы 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасынан әкетуге рұқсат беруді көздейді. Бұл қаулыны ҚР Үкіметі 2023 жылғы 11 шілдеде бекітті», делінген баспасөз хабарламасында.
Баспасөз қызметінің мәліметінше...