Парламент депутаттығына үміткер ер адамға балтамен шабуыл жасап, қолын шаппақ болған. Бұл туралы қала ІІБ баспасөз қызметі хабарлады.
24 kg ақпаратына қарағанда, Бішкекте ер адамға балтамен шабуыл жасағаннан кейін Жогорку Кенеш депутаттығына кандидат ұсталды.
Мәліметке сүйенсек, 6 қараша күні шамамен сағат 17:34-те Ленин аудандық ІІБ кезекші бөліміне Ұлттық госпитальдің микрохирургия бөлімінен 35 жастағы азаматтың жапа шеккені туралы хабар түскен. Оның сол қолының екінші саусағы балтамен шабылған. Сүйегі сынғаны анықталды.
Жәбірленуші полицияға жазбаша арыз түсірген. Ол 6 қараша күні шамамен сағат 13:30-да Бішкектегі Асаналиев көшесіндегі үйлердің бірінде жанжал болғанын айтқан. ІІБ мәліметінше, 43 жастағы үй иесі әйелінің басқа ер адаммен...