Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ)Бас директоры Рафаэль Гроссиді қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Рафаэль Гроссиге ілтипат білдіре отырып, оның сапары Қазақстан мен Агенттік арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін маңызды екенін атап өтті.
«Сіздің сапарыңыз өзара қарым-қатынасымызды дамыту тұрғысынан дер кезінде жасалып отырғанына сенімдімін. Қазақстан үшін Агенттікпен жұмыс істеудің мәні зор. Аса маңызды құрылымның басшысы ретіндегі Сіздің қызметіңізді қолдаймыз және жоғары бағалаймыз«, – деді Президент.
Кездесу барысында техникалық саладағы ынтымақтастықты нығайтуға және елімізде АЭС салуға қатысты ауқымды мәселелер талқыланды. Президент атом энергиясын бейбіт мақсатта...