Қазақстанның Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко катарлық Al Jazeera телекомпаниясына сұхбат берді. Ол Қазақстанның Украинадағы соғысқа қатысты ұстанымы және Киевке гуманитарлық көмек туралы айтты.
«Біз өз ұстанымымызды нақты белгіледік. Біз тек дипломатиялық әдістерді қолдана аламыз. Ресейдің көршісі ретінде және Ресеймен байланысын жалғастыратын ел ретінде бұл ұстаным барлық серіктестерімізге түсінікті», – деді СІМ басшысының орынбасары Al Jazeera-ға Қазақстан соғысты тоқтату үшін үлкен әсер ете ала ма деген сұрағына.
Василенко сонымен қатар, Қазақстан Херсон, Луганск, Донецк және Запорожье облыстарының аумақтарын ресейлік деп танымайтынын атап өтті.
Біз барлық мемлекеттердің, соның ішінде Украинаның аумақтық тұтастығын жақтаймыз...