Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) 2023 жылғы 10 сәуірден бастап ҚҰБ-тың kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы «Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары» сериясынан TOǴYZQUMALAQ коллекциялық монеталарының сатуға шығарылатынын хабарлады.
TOǴYZQUMALAQ коллекциялық монеталары:
– массасы 31,1 грамм, диаметрі 38,61 мм, дайындау сапасы proof және black-proof, номиналы 500 теңгелік, таралымы 3 000 дана, күмістен (нүктелі алтын жалату, бір жақты тотығу және интерференциялық түрлі-түсті жабын технологиясын қолдана отырып) жасалған;
– массасы 31,1 грамм, диаметрі 38,61 мм, дайындау сапасы proof, номиналы 500 теңгелік, таралымы 3 000 дана, күмістен (нүктелі алтын жалату және интерференциялық түрлі-түсті жабын технологиясын қолдана отырып) жасалған;
– массасы 15 грамм, диаметрі 33 мм, дайындау сапасы brilliant uncirculated...