Жыл басынан бері
2022 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) 59,2 мың әйел жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда жалпы сомасы 33,9 млрд теңгеге әлеуметтік төлем алды. 1 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда 42,6 млрд теңге сомасында 423,5 мың адам әлеуметтік төлем алды. Бұл туралы ҚР Еңбекмин баспасөз қызметі хабарлады.
Жоғарыда көрсетілген төлемдердің біріншісін алу құқығы жүктілік және босану бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағында көрсетілген күннен бастап туындайды.
Жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайдағы әлеуметтік төлемнің мөлшері соңғы жылдағы жұмыс...