Түркістан облысында мал ұрлаған ағайындылар бес жылға сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бәйдібек ауданында айналысқан үш ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Нақтырақ айтсақ, бәйдібектік тәжірибелі полицейлердің қырағылығы арқасында, мал ұрлығы қылмысына қатысты үшеуге тиісті жаза қолданылды.
Аталған мал ұрлығы жайлы тарқатып айтар болсақ, Бәйдібек АПБ-не жергілікті тұрғын арызданып, қорасында тұрған тоғыз бас қойын белгісіз біреулер ұрлап кеткенін жеткізді. Жәбірленушіге келтірілген шығынның көлемі 400 мың теңгені құрады. Бұл жайтты полицейлер тез арада тіркеуге алды.
Жедел-тергеу тобы ақпарат алысымен оқиға орнына аттанып, жедел шараларды жүргізді. Осы кезде тағы бір тұрғын арызданып, жайылымнан үш бас сиырын белгісіз біреулер жымқырып кеткені бойынша шағым...