2026 жылдың ақпанындағы жағдай бойынша, үш айдан астам уақыт бойы төленбеген қарыз (NPL 90+) 1,65 трлн теңгеге жетті. Ұлттық банк дерегіне сәйкес, бұл көрсеткіш банктердің жалпы несие қоржынының өсу қарқынынан екі есе, ал активтерінің өсуінен үш есе жылдам алға озған. Мұндай үрдіс нарықтағы берешектің жинақталып қалғанын аңғартады.
Алпауыт банктердің «бас ауруы»
Қайтарылмаған қарыздың 60%-дан астамы еліміздегі ең ірі екі банк – Halyk Bank пен Kaspi Bank-ке тиесілі.
Әсіресе, Halyk Bank-тегі жағдай ерекше назар аудартады: үш айдан бері төленбеген кредит көлемі 535 млрд теңгеден асқан. Бұл жерде банктің кредит портфелі де ірі екенін ескеру керек.